«Ақтау» халықаралық әуежайында ұшақта өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.
Іс-шараның мақсаты - әуе кемесін авариялық қону кезінде құтқару қызметтерін дайындау, шартты өртті сөндіру, жолаушыларды құтқару және қауіпсіз жерге эвакуациялау, әуе кемесінде өртті сөндірудің ерекшеліктері мен тактикасын пысықтау, адамдарды эвакуациялау бойынша персоналдың дағдыларын жаттықтыру, әуежай қызметтері мен өзара іс-қимыл жасайтын қызметтерді хабардар етуге байланысты мәселелерді пысықтау, авариялық жағдай болған жерге тез жету, сондай-ақ құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылындарын арттыру.
Өрт-тактикалық жаттығулардың тактикалық жоспарына сәйкес, ұшу және қону кезінде ұшақтың «өрескел»қонуы орын алды, бұл жанармай багының зақымдалуымен және авиациялық отынның төгілуімен, содан кейін өрттің шығуымен оң жақ бортқа аударылуына әкелді. 2 экипаж мүшесі мен 4 жолаушы ауыр жарақат алды.
Шақырту орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері ұшақтағы өртті жоюға және экипаж мүшелері мен жолаушыларды құтқаруға кіріседі. Шартты түрде төгілген отынды сөндіру және ұшақтың фюзеляжын салқындатуға көбік беру жүзеге асырылды. Зардап шеккендерге АҚ «Апаттар медицинасы орталығы» қызметкерлері көмек көрсетті.
Бөлімшелер өздеріне жүктелген міндеттерді орындады. Шартты өрттің салдарын жоюға №3 өрттің жоғары нөмірі (дәрежесі) бойынша күштер мен құралдар тартылды. Өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізуге барлығы 60 адам және 15 бірлік өрт техникасы жұмылдырылды.
«Әуежай-маңызды нысан. Мұнда тұрақты жолаушылар ағыны бар және бір ғимаратта көптеген адамдар болуы мүмкін. Ең бастысы Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері, әуежайдың авариялық-құтқару қызметі және адамдарды құтқару, өртті жою кезінде нысанның мамандары арасындағы өзара іс - қимылды пысықтау болды»-деп атап өтті Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Берік Бүркітов.
Маңғыстау облысы ТЖД
ӨСжАҚЖ қызметінің қоғаммен байланыс тобы