Жанын әуенмен тербеткен

Жанын әуенмен тербеткен

Ұлан ауданы Асубұлақ кентінің № 11 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Қайнар Тышпаев өрттермен күресіп қана қоймай, өзінің қарауылымен бірге адамдарды құтқарады. Сонымен қатар өзінің сүйікті хоббиі - аккордеон, домбыра және гитарада ойнауға уақыт бөледі.

«Мен бала кезімнен музыкаға әуеспін, менің атам аккордеонда ойнады, әйелім ән салады, бүкіл отбасым шығармашылықпен айналысатын адамдар. Мен жұмыстан бос уақытта күй тартқанды ұнатамын, аккордеондағы менің сүйікті композициям – «Катюша», ал гитарада мен «көше» әндерін орындаймын», - дейді №11 ӨСБ өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі.
«Мен өз жұмысымды жақсы көремін, 18 жыл қызмет еткенде сөндірілген өрттер өте көп. Ең қиыны орман және дала өрттері. 2008 жылы Сандықтас учаскесіндегі дала өртін сөндіруге қатыстым, Ешкiөлмес учаскесіндегі өртті ешқашан ұмытпаймын. Біз 10 күн бойы орманды шарпыған отпен күрестік. Қорқынышты көрініс. Өскеменнен бізге көмекке 10 өрт сөндіру машинасы келді. Біз жеңдік, апатты ауыздықтадық.  Бірнеше ауылды өршіп тұрған жалыннан қорғап қалдық. Әріптестеріммен бірге бес жыл бұрын болған Огневка ауылындағы көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялауға және құтқаруға қатыстық. Кіреберісте басталған өрттің салдарынан бір уақытта 14 пәтер өртеніп кетті», - деп Қайнар Тышраев еске алады.
Қайнар Тышпаевтың отбасы үлкен, төрт баласы бар. Оның үшеуі қыз және біреуі ер бала. Қыздарының бірі Сабина әкесі сияқты, гитара шертеді және композицияларды жеңіл орындайды.

 Қайнардың айтуынша, музыка қиын қызметті атқаруға көмектеседі, ал оның қарауылы оның хоббиіне құрметпен қарайды және қызметтен бос уақытында оның рухани орындалуын қуана тыңдайды.

 

 

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі