Жас құтқарушылар төтенше жағдайларда әрекет ету қабілетін көрсетті

Жас құтқарушылар төтенше жағдайларда әрекет ету қабілетін көрсетті

ШҚО ТЖД қызметкерлері «№29 қосымша білім беру мектебі орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығымен бірлесіп суайдындарында іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша жарыстар ұйымдастырды.

Оқушылар қиын кезеңдерді еңсеру керек болды. Алдымен зардап шегушіні арнайы «коконға» орап жеткізу, қайықпен дұрыс маневр жасап және мәреге дейін су арқылы жету, құтқару құралдарын қолдана білу және «Александровтың арқаны» көмегімен суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету, жарақат алған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету, "турникке тартылу" кезеңін еңсеру.

«Кезеңдерден көріп отырғанымыздай, ұлдар мен қыздарға оңай болған жоқ. Олар нақты құтқарушылар ретінде барлық төтенше жағдайлардан өтіп, дұрыс әрекет ете алды», - деп атап өтті ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы Андрей Лисянский.

ШҚО ТЖД-да атап өткендей, жазғы кезең жақындаған кезде мұндай іс-шаралар өте өзекті, өйткені олар балаларды суда жүріс-тұрыс ережелеріне және көмек көрсету қабілетіне дайындайды.

«Мен жарыстарға қуана қатысып, қолымыздан келгеннің бәрін көрсетуге тура келді. Командада жұмыс істеу барлық кезеңдерді жақсы өтуге мүмкіндік берді, әсіресе акватория есімде қалды», - деп бөлісті №29 мектептің оқушысы Андрей Цветов.

№1 мектеп командасынан Айжан Сламгалиева өз командасына алғашқы көмек көрсету ұнағанын, бұл кезең оларға жақсы ұпай жинауға көмектескенін, яғни балалар көмекке келе алатынын айтты. Оқушылар құтқарушы мамандығының негіздерін арнайы сыныптан тыс сабақтарда, оның ішінде ШҚО ТЖД бөлімшелеріне бару арқылы түсінеді. Практикалық сабақтардың арқасында жас құтқарушылар құтқару тораптарын тоқуды, алғашқы медициналық көмек көрсетуді, командада үйлесімді әрекет етуді және төтенше жағдайлар кезінде кедергілерді еңсеруді біледі.

Жарыс жеңімпаздары - №4 мектептің оқушылары, №29 мектеп оқушылары 2 орын, № 10 және №16 мектептердің жас құтқарушылары үшінші орынды иеленді.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі