Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету-басты назарда

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету-басты назарда

Жыл сайын өрт қауіпті кезең басталар алдында Жамбыл облысының аумағында дала және орман өрттерінің  алдын алуға, мемлекеттік орман қоры жерлеріне табиғи өрттердің таралуына тосқауыл қою мақсатында өрт сөндіру оқу-тәжірибелік жаттығу өткізіледі.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 1 ақпандағы №11 қаулысымен «2023 жылдың өрт қауіпті маусымында облыс аумағында өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес облыс аумағында практикалық оқу-жаттығулар ұйымдастырылып, өткізілді. Практикалық оқу-жаттығуға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері және жергілікті атқарушы органдардың ерікті өртке қарсы құрылымдарының күштері мен құралдары  қатысты. Оқу-жаттығу кезінде шартты орман дала өрттерін сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралардың өзара іс әрекеттері пысықталды. Орын алған кемшіліктер дер кезінде түзетіліп, алдыңғы кезеңде ескерілетін болды.

Жалпы аталған оқу-жаттығуларға 715 жеке құрам, 212 түрлі техника қатыстырылды. Практикалық оқу-жаттығу жоспарымен қойылған талаптар мен мақсаттар орындалды.

Табиғи өрттердің алдын алу бойынша өртке қарсы құрылымдарының                800 астам жеке құрамы оқу курсынан өтіп, бекітілген үлгідегі сетификаттар алды.     Тұрғындарға 6 мыңнан астам дана жадынамалар мен ақпараттық парақтар таратылды. 516 адамды қамти отырып, тұрғындармен 23 жиын өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 24 сөз сөйлеу ұйымдастырылды, оның ішінде теледидар арқылы – 9, радиодан -18, баспасөзде – 28. Облыстық телеарнада 6 әлеуметтік бейнероликтер көрсетілуде.

Тұрғындар арасында, ауылдық аймақтарда, балабақша мен мектептен бастап өртке қарсы білімді терең, жақсы ойластырылған, жүйелі және дәйекті насихаттаудан тұратын түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу азаматтар мен олардың мүліктерінің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, сондай-ақ облыстағы өрт қауіпті кезеңде, табиғат қорының өртке қарсы қорғанысын нығайтуға ықпал етеді деп үміттенеміз.

 

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы