Алматы облысында шомылу маусымына дайындық туралы айтты

Алматы облысында шомылу маусымына дайындық туралы айтты

2023 жылғы 26 сәуір күні «Jetisymedia» ақпараттық алаңында «Шомылу маусымына дайындық» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингте Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері аға лейтенант Асқарбекұлы Дидар және Қонаев қаласы Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Мұратұлы Жандос сөз сөйледі.

Спикерлер шомылу маусымы кезіңде адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының әкімдігі Төтенше жағдайлар департаменті Ұзынағаш ауылының 28237 азаматтық қорғаныс әскери бөлімімен және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізетінін атап өтті. Күшейтілген профилактикалық іс-шараларды жүргізу нәтижесінде өткен жылы адам өлімі санының алдыңдағы жылмен салыстырғанда 22 жағдайға немесе  47% - ға төмендеуіне қол жеткізілді, оның ішінде балалар өлімі 6 жағдайға немесе 46% - ға төмендеді.

Жедел ден қою және суда адамдардың қаза болуына жол бермеу үшін департаменттің құтқару бөлімшелерінің қосымша 6 мобильді бекеті (Қонаев қ.), жергілікті атқарушы органдардан су айдындары мен дүлей жағажайларға шомылуға арналған қауіпті және жабдықталмаған учаскелерде 3 мобильді бекет кезекшілік ұйымдастырылатын болады.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 12 сәуірде Алматы облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша облыстың барлық қалалары мен аудандарының әкімдеріне және облыстың мүдделі қызметтеріне шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті нұсқаулар берілді. Шомылу маусымына дайындық шеңберінде жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлар департаментімен және облыстың мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, шомылу маусымы басталар алдында шомылу үшін рұқсат етілген орындарды ереженің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру (көзбен шолып қарау) жүргізу үшін комиссия құру мәселесі қаралуда.

Департаменттің жедел-құтқару жасағы су айдындарындағы оқиғаларға жедел ден қою үшін 30 жүзу құралын (1 әуе жастықшасы бар кеме, 2 қайық, 7 есу, 13 металл және 7 үрлемелі қайық), 45 бірлік сүңгуір жабдықтары мен құтқару құралдарын (құтқару шеңберлері мен жилеттер, «Александров жібі») әзірлікке келтірді, және де автономды жұмысты қамтамасыз ету үшін 10 тәулікке азық-түлік, жанар-жағармай материалдарының қоры құрылды. Тасымалдауға арналған трейлері бар құтқару қайығын сатып алу мәселесі пысықталуда. 

Құтқарушылар азаматтарды шомылу маусымы кезеңінде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі