ШҚО құтқарушылары «Әртүрлі халықтың сәлемдесуі» челленджін өткізді

ШҚО құтқарушылары «Әртүрлі халықтың сәлемдесуі» челленджін өткізді

Қазақстан халқының бірлігі күні ШҚО ТЖД қызметкерлері «Сәлемдесу» арнайы челленджін өткізді. Облыстың аудандық және қалалық бөлімшелерінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар әртүрлі халықтың ұлттық костюмдерін киіп, бір-бірін түрлі тілдерде және ишара көрсетіп  қарсы алды.

«Челлендждің басты міндеті - ТЖ қызметінде жұмыс істейтіндердің әртүрлілігі мен көпұлттылығын, сонымен бірге өңір халқының бірлігін көрсету. ШҚО ТЖД азаматтардың қауіпсіздігі үшін 8 ұлттың өкілдері жұмыс істейді: қазақ, орыс, украин, неміс, татар, ұйғыр, әзірбайжан, болгар. Бұл халықтардың әрқайсысы өзінше ерекше, бірақ олар бірге бір тату отбасы. Шығыс Қазақстан гарнизоны қызметкерлерінің барлық жетістіктері - бұл ең алдымен, ұжымның бірлігі мен достығы, азаматтардың ұлттық және діни қатыстылығына қарамастан тағдыры үшін ортақ жауапкершілік. Жыл басынан бері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері түрлі төтенше жағдайлар мен оқиғаларға 800-ден астам рет шықты, бұл ретте 64 адам құтқарылды, 106 азамат эвакуацияланды», - деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин атап өтті.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі