1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

2023 жылғы 26 сәуірде Қостанай облысы ТЖ департаментінде Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған іс-шара өтті. Іс-шараға ТЖД басшылығымен еліміздің түрлі этностарын білдіретін ұлттық киімдегі құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері жиналды.

Іс-шараның мақсаты - толеранттылыққа тәрбиелеу, ТЖД қызметкерлері арасында ұлтаралық келісімді нығайту.

ТЖД-дағы кездесуге тәжік-өзбек диаспорасының өкілі Гүлнара Сапарқызы Мақатова қонақ ретінде келді. Ол барлық қатысушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясын құрудың негізгі мақсаттары мен диаспораның қызметі туралы айтып берді. Сөз соңында Гүлнар Сапарқызы көпұлтты құтқарушылар ұжымының қызметкерлеріне зор денсаулық, сарқылмас қуат және, әрине, берік достық тіледі.

Бүгінгі таңда облыстық құтқарушылар ведомствосында 16-дан астам өкілдері қызмет етеді. Олардың барлығы Отанымыз Қазақстан игілігі үшін жұмыс істеуде.

Департамент басшылығы өздерінің құттықтаулары мен тілектерінде жалпыұлттық бірлік пен келісімнің, отансүйгіштіктің, этностардың азаматтық және рухани-мәдени қауымдастығының, бір-біріне құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Біздің көпұлтты мемлекетіміздің қолдауын сезініп, өзін осы үлкен және тату отбасының бір бөлігі ретінде сезіну қажет.

 

Қостанай облысы ТЖД
Кадр саясаты басқармасы