Шымкент қаласында жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылды пысықтау мақсатында тоқсан сайын сейсможаттығулар өткізіледі.
Нұржан Қаракөзев орын алуы ықтимал төтенше жағдайдың алдын алуға және орын алған кездегі атқаратын іс әрекеттерді толыққанды пысықтау мақсатында, қала әкімінің өкіміне сәйкес, жалпықалалық жер сілкінісіне даярлық оқу-жаттығуының жоспары жасалғанын хабарлады.
Бекітілген жоспар бойынша, оқу-жаттығуға барлық азаматтық қорғау қызметтері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, химиялық қауіпті нысандар, ауруханалар, білім беру ұйымдары, қала аумағында орналасқан су қоймаларға жауапты мекемелер тартылатын болады. Оқу-жаттығу кезінде әр мекеменің атқаратын қызметі және міндеті егжей-тегжейлі пысықталып, орын алған жер сілкінісі кезінде ұйымдасқан жүйелі жұмыс көрсету міндеттеледі.
Шымкент қаласында 2023 жылдың 5 мамырында өткізілетін жалпықалалық сейсможаттығуға дайындық жұмыстары бойынша аралық ақпарат жеткізілуде. Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында, «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбы бойынша эфирлік арналарды ұстау арқылы дауысты хабарлама берілуде.
Сонымен қатар, қазақ және орыс тілдерінде сурдоаудармасымен бейнеролик әзірленіп. Аталған бейнеролик Білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріне, ойын-сауық орталықтарына, әуежай, вокзалға таратылып, ЛЭД-экрандар арқылы қала тұрғындарына жеткізілуде.
Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы