Су тасқыны жағдайын бағалау үшін үш өңірдің аумағына аэровизуалды ұшу жасалды

Су тасқыны жағдайын бағалау үшін үш өңірдің аумағына аэровизуалды ұшу жасалды

10 сәуірде су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары аумақтарының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне ұшу жасалды. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин және ІІМ ТЖК басшылығы ұшу жасады.

Аэровизуалды тексеру Ақмола облысының алты ауданында (Целиноград, Астрахан, Атбасар, Есіл, Сандықтау, Зеренді), Қостанай облысының бір ауданында (Қарасу) және Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданында (Ғ. Мүсірепов атындағы аудан, Шал Ақын ауданы) жүргізілді.

Сонымен қатар ұшу барысында Нұра, Есіл, Колутон, Жабай, Шағалалы өзендерінің арнасы, Теңіз көлі, Айдабол бөгеті және Сергеев су қоймасы тексерілді.

«Жалпы біз Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағындағы су тасқыны жағдайын бақылау бойынша жұмыс сапарын жүргіздік. Нұр-Сұлтанға келер болсақ, қала ауданында төніп тұрған су тасқыны қауіп-қатерін іс-жүзінде алынып тасталды деуге болады. Менің ойымша, екі-үш күн ішінде біз қауіп - қатерді алып тастаймыз», - деді Юрий Ильин.

Ақмола облысының тексерілген аудандарындағы қар жабынының алаңы шамамен 19 %-ды құрайды. Астрахан, Зеренді және Сандықтау аудандарының аумақтарында айтарлықтай қар жамылғысы бар екені байқалады.

Облыстың су объектілерінде мұздың босауы мен бұзылуы байқалады, кейбір су объектілерінде мұз жамылғысының толық бұзылуы байқалады, мұз жүріп жатыр.

«Колутон өзенінің жай-күйі ағыстардың жүріп жатқанына байланысты біршама алаңдаушылық туғызады. Олар әзірге Есіл өзенінің арнасына кіреді, онда мұзқатқы бар. Үш-бес күн ішінде жағдайды қосымша қадағалайтын боламыз. Атбасар туралы айтар болсақ, жағдай тұрақты. Қазір біз Жабай өзенінен келетін ағыстарды көрдік. Менің ойымша, Зеренді ауданының орман қоры аумағында бар қар қоры мен ылғал қорын ескерсек, 10 күн ішінде бұл ағындар осында келеді. Сыни қатер деңгейіне дейін су көтерілуі мүмкін, бірақ біз бұл жерге топтастырған күштер мен құралдар жедел ден қойып, судың төгілуіне жол бермейді деп ойлаймын», - деді Юрий Ильин.

Солтүстік Қазақстан облысында Айыртау ауданы мен Ғ. Мүсірепов ауданының шағын өзендеріндегі су деңгейі төмендеді, судың негізгі көлемі Сергеев су қоймасының тостағанына кірді. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қалыптасатын барлық ағындар екі күн бойы іс жүзінде тоқтайды, белсенді және негізгі ағындар Ақмола облысының аумағынан өтетін болады.

Сергеев су қоймасындағы бөгеттің жотасы арқылы су құю 185 см құрайды.Болжамды деректер бойынша су құйылу деңгейі шамамен 2 метрге дейін жетеді. Жағдай бақылауда.

Жалпы, бүгінгі күні ІІМ ТЖК бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен және ЭГТРМ Су ресурстары комитетімен бірлесіп, су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі бойынша уақытында қабылданған шаралардың арқасында өңірлерде елді мекендерге қауіп төндірмей, су тасқыны мен еріген сулардың кедергісіз өтуі байқалады.

 

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі