Жаяу жүргіншілер көпірінен секірген бойжеткен құтқарылды

Жаяу жүргіншілер көпірінен секірген бойжеткен құтқарылды

26 сәуір күні сағат 15:50-де Атырау қаласы ТЖД кезекшісіне Атыраудағы Тұрғындар қалашығы жаяу жүргіншілер көпірінен Жайық өзеніне белгісіз адам секіруге әрекет жасап жатқаны туралы  полиция қызметкерлерінен шақырту түсті.

Құтқарушылар дереу  оқиға орынан жеткен кезде белгісіз адамның көпірден Жайық өзеніне секіріп кеткендігі анықталды.

Полиция қызметкерлері суға секірген бойжеткенді құтқарушылар келгенге дейін су бетінде ұстап тұрған. Құтқарушылар жүзу құралы көмегімен  полиция қызметкерін және құтқарылған бойжеткенді жағаға жеткізді. 

Осылайша құтқарушылар мен полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, өзенге секірген бойжеткенді құтқарып қалды.

Құтқарылған 2000 жылы туған қыз балаға ҚР ТЖМ «Апаттар медициналық орталығы» ММ қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 3 қызметкер мен 1 бірлік техника, «Апаттар медицина орталығы» ММ 3 қызметкер, 1 бірлік техника, ПД 5 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

 

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы