Шымкент қаласының әуежайында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Шымкент қаласының әуежайында  өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Шымкент қаласының  әуежайында әуе кемесіндегі өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Жаттығудың  мақсаты қызметкерлердің төтенше жағдай кезінде дағдыларын жаттықтыру, сондай-ақ аэропорттың бөлімшелері мен қалалық қызметтердің өзара бірлесіп қызмет атқару  іс-қимылдарын пысықтау.

Өрт-тактикалық жаттығудың тактикалық ойы бойынша Алматы-Шымкент бағыты бойынша  ұшқан «SKAT» авиакомпаниясының АН-24 ұшағының «Аэропорт Шымкент» АҚ апаттық қону нәтижесінде өрт орын алды. Шасси тағанының істен шығуы және қозғалтқыштың және оң жақ жанармай багының бұзылуының нәтижесінде жанармай төгіліп, оның жануы орын алды. Әуе кемесінің бортында 48 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болды.

Әуежайдың ұшуларды апатты-құтқару және іздестірумен қамтамасыз ету қызметінің қызметкерлері мен қаланың өрт сөндіруші және құтқарушылары бірлесіп әуе кемесіндегі өртті сөндіру және экипаж бен жолаушыларды құтқару жұмыстарын жүргізді.

Оқу-жаттығуға Шымкент қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ-ның 13 негізгі және 3 арнайы өрт сөндіру техникасы, офицерлік және жеке құрамы,  Шымкент қаласы ТЖД-ның, жедел-құтқару жасағының, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, сонымен қатар, жедел-жәрдем медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.

Жаттығудың соңында талдау жүргізіліп, қорытынды жасалды.              

 

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы