
Саят Әбдіманапұлы азаматтық қорғау органдарында 2004 жылғы тамыздан бері ел иглігі жолында аянбай тер төгіп келеді. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары Қызметінің Жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы лауазымын атқарады.
Қызметтің алғашқы күндерінен бастап Саят Рустамбеков ұжым өміріне белсенді араласып, күн сайын өзінің кәсіби дағдыларын пысықтаумен айналысады. 20 жылға жуық жұмыс барысында ол сүңгуір жұмысын шын жүректен атқарып және бірнеше жанның өмірін сақтап қалды. Сонымен қатар, ол қызмет барысында көптеген су астындағы іздестіру жұмыстарына, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарына белсенді қатысты. Саят Әбдіманапұлының өзі айтқандай: «Сүңгуір әр секунд сайын өз өмірін қатерге тігіп, қиын жағдайда жұмыс істейді. Сүңгуір мұздың астына түскенде, оның өмірі бір сигналдың ұшында тұрғанын түсінеді, бұл оны жер бетіндегі қамтамасыз ету тобымен байланыстырады. Мұндайда әрине адамның бойын қорқыныш сезімі билеуі заңдылық. Табиғи емес ортада сақтандыру мен жабдыққа деген сенімділік дүниетанымның барабар болуына мүмкіндік береді. Мұнда темірдей ұстамдылық қажет. Әрине, өз ісіне деген үлкен сүйіспеншілік алдыңғы қатарда тұрары сөзсіз» деп өз ойын білдірген болатын.
Оның есебінде сан мыңдаған құтқарылған адам өмір бар. Мысалы, 2022 жылғы 31 мамырда Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары Қызметінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қант зауыты ауданында, балалар шомыла алатын аумақтарда ағып жатқан Талас өзені ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізу барысында күндізгі сағат 12-де өзенге батып бара жатқан баланы көздері шалған. Өзеннің күшті ағысына қарамастан Саят өзінің әріптестерімен бірге ойланбастан суға секірген. Сірә, жанындағы балалар 10 жасар достарының суға ағып кеткендігін кеш байқаса керек. Нәтижесінде құтқарушылар баласын достарымен бірге шомылған жерден 100 метр қашықтықтан құтқарды. Құтқарушылар суға аққан балаға жедел түрде дәрігерге дейінгі көмек көрсетті. Бала есін жиғаннан кейін құтқарушылар баланың ата-аналары мен полиция қызметкерлерін шақырды. Ал полиция қызметкерлері өз кезегінде баланың ата-анасына ескерту жасады. Баланың анасы өз кезегінде кәсіби жұмысын жоғары деңгейде атқарған қырағы сүңгуір-құтқарушыларға алғысын білдірді. Егер дәл сол уақытта суға кетіп бара жатқан баланы құтқарушылардың қырағы көздері шалып қалмағанда, оқиғаның қалай аяқталарын көзге елестетудің өзі қорқынышты еді.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы