
2023 жылғы 21 сәуірде 52859 әскери бөліміне «Қарағандының Чернобыль мүгедектері» қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы, Чернобыль апатының ардагері Ким Олег Леонидович, запастағы аға прапорщик Саламанов Николай Николаевич және сарбаздар аналары комитетінің төрағасы Фатеева Марья Дмитриевна келді.
Өз сөзінде олар 1986 жылы 26 сәуірде болған жаһандық Чернобыль апатының салдары туралы әңгімелеп берді. Сарбаздар үлкен қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойды. Ардагерлермен кездесу жас ұрпаққа көкейінде туындаған сұрақтарды ардагерлердің өздерінен естуге, көптеген қызықтыратын мәселелерді түсіну үшін бірегей мүмкіндік береді.
ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі