Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды, өрт сөндірушілер өртенген шөпті сөндіруде

Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды, өрт сөндірушілер өртенген шөпті сөндіруде

ШҚО ТЖД құтқарушылары алда өткен демалыс күндерінде ғана 20-дан астам өртенген шөпті сөндірді. Көбінесе, ашық жерлер мен саяжай қоғамдарының жанындағы шөп жанып жатыр. Мұның себебі - отты абайсызда пайдалану. Бүгін және ертең Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды. "Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 25 сәуірде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыс жел 15-20, екпіні 23 м/с болады деп күтілуде. Қазіргі уақытта Зайсан ауданында қатты жел соғып тұр. Қарабұлақ учаскесінде алдын ала ауданы 30 га өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
ШҚО ТЖД халыққа ашық отты пайдалану кезінде өте сақ болу керетігін, үйлер мен үй-жайлардың жанында от жағуға, құрғақ шөпті өртеуге, қамысты өртеуге болмайтынын еске салады. Жол жүріп бара жатып көліктерден сөндірілмеген темекіні, шыны ыдыстарды тастамаңыз. От жақпаңыз!
Өрт қауіпті кезеңде елді мекендердің, ұйымдардың, саяжай қоғамдарының, кәсіпорындардың аумақтарын жанғыш қалдықтардан, қоқыстардан, құрғақ шөптерден уақтылы тазарт қажету. Табиғатта қауіпсіз демалуға ерекше назар аударыңыз,мұндай өрттердің шамамен 90% - ы адамның кінәсінен болады. Егер сіз өрт ошағын анықтасаңыз, оны бастапқы кезеңде өзіңіз сөндіруге тырысыңыз. Егер сіз оны сөндіре алмасаңыз, өрт сөндірушілерді 101 және 112 телефондарына хабарласып  шақырыңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі