68303 әскери бөліміндегі «Жас құтқарушы» әскери-патриоттық клубы

68303 әскери бөліміндегі «Жас құтқарушы» әскери-патриоттық клубы

Жас мамандарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар миністірлігінің 68303 әскери бөлімінде Жоғарғы азаматтық қорғау колледжінің «Жас құтқарушы» әскери-патриоттық клубының полигонды практикасы ұйымдастырылды.

Полигонды практика барысында Семей қаласының жоғары азаматтық қорғау колледжі оқушылары құтқарушылардан сабақ алды. 68303 әскери бөлім офицерлері мен сарбаздары құтқару мұнарасында құтқару әдістерінің қыр-сырын үйретті. Әрбір құрылғыны қандай мақсатта және жағдайда пайдалану керегін жеке тоқталып түсіндірді. Жас мамандар практика жүзінде құтқару мұнарасының жоғары қабаттарына шығуды және жоғары қабаттардан науқасты тауып құтқаруды үйренді. Іс-шара барысында әскери бөлімнің аумағында экскурсия ұйымдастырылды. Рота үй-жайында сарбаздардың әскери өмірімен, күн тәртібімен таныстырдық. Осындай іс-шара өткізгені үшін қонақтарымыз 68303 әскери бөлім басшылығына алғыс білдірді.

 

ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі