ТЖМ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына барды

ТЖМ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына барды

Кадр саясаты департаменті Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Тәуелсіз Қазақстанның тарихи-мәдени құндылықтарын сақтауға және жандандыруға бағытталған бағдарламаларды іске асыру мақсатында, сондай-ақ патриотизмді қалыптастыру және рухани ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында ТЖМ және ведомстволар қызметкерлері мен қызметшілеріне 18-21 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайына баруын ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражай Орталық Азиядағы ең ірі мұражай. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылды. Ең үлкен бірегей мұражай кешенінің ауданы 14000 шаршы метрден асатын 18 залы бар және 7 блоктан тұрады. Мұражай тиісті әлемдік стандарттармен жабдықталған, экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары қолданылады.

Ұлттық мұражай заманауи зияткерлік мәдениет мекемесі болуға, Республиканың тарихи және мәдени мұрасын талдау, салыстыру, талқылау, тұжырымдау және бағалауға арналған орын.

Мұражай кешенін аралау барысында Тәуелсіз Қазақстан, Алтын, Этнография, Заманауи өнер және т. б. залдары қаралды.

Қызметкерлер Ұлы дала төсін мекендеген ежелгі тайпалардың бай материалдық және рухани мәдениетімен, атап айтқанда скиф-сармат кезеңіндегі зергерлік өнердің жауһарларымен, қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, дәстүрлерімен танысты.

 

ҚР ТЖМ Кадр саясаты департаменті