20982 әскери бөлімінің командирі тағайындалды

20982 әскери бөлімінің командирі тағайындалды

ТЖ министрі Юрий Ильиннің бұйрығына сәйкес 20982 әскери бөлімінің командирі болып подполковник Смағұлов Болатхан Дәулетұлы тағайындалды.

Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев 20982 әскери бөлімінің жаңадан тағайындалған командирін жеке құрамға таныстырды.

Подполковник Смағұлов Болатхан Дәулетұлы 1985 жылғы 3 қарашада Семей облысы Жарма ауданының Георгиевка ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Құрлық әскерлерінің Әскери институтын «Тактикалық мотоатқыштар әскерлерін басқару» мамандығы бойынша, 2018 жылы Ресей Федерациясының ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын «Жалпы әскери бөлімдер мен құрамаларды басқару» мамандығы бойынша бітірді.

Қызметті 28237 әскери бөлімінің құтқару ротасы взводының командирі болып бастады.

Әр жылдары 28237 әскери бөлімінің құтқару ротасының командирінен штаб бастығы – 68303 әскери бөлімі командирінің орынбасарына дейінгі лауазымда  қызмет атқарды. 2020 жылғы қаңтардан 2023 жылғы наурызға дейін-68303 әскери бөлімінің командирі болды.

Қазіргі уақытта ТЖМ құрылымында жаңа әскери бөлімді ескере отырып, азаматтық қорғаныстың төрт әскери бөлімі жұмыс істейді, оларға елдің аумағын және оның халқын бейбіт және соғыс уақытта табиғи, техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғау міндеттері жүктелген.

Әскери бөлімдер бұған дейін тек орталық, оңтүстік және шығыс аймақтарда орналасқан болатын. Мұнай-газ саласы объектілерінің және теңіз көліктік-логистикалық инфрақұрылымының белсенді дамуын ескере отырып, батыс өңірде халықты, экономика аумақтары мен объектілерін (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары) түрлі авариялардан, табиғи және техногендік апаттардан қорғауды қамтамасыз ететін әскери бөлім құрылды.

Тұтастай алғанда, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайларды жою, төтенше жағдайлар аймақтарында халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау, жауынгерлік, жұмылдыру және саяси даярлықты ұйымдастыру, төтенше жағдайлар аймақтарында халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылады.