
Соңғы жылдары күшті әсер ететін улы заттармен байланысты төтенше оқиғалар мен авариялар (бұдан әрі – КӘУЗ) тіркелуде.
2021 жылдан бастап КӘУЗ құйылуымен 6 оқиға (2 жағдайдан Қарағанды, Түркістан, ШҚО) және Жамбыл облысында газдың шығарылуымен 1 оқиға (күкірт триоксидінің шығарылуымен) тіркелді.
Қазіргі уақытта елімізде технологиялық процестерде КӘУЗ пайдаланатын 146 қауіпті өндірістік нысан жұмыс істейді.
Қауіпті өндірістік факторлардың теріс әсерін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті жергілікті атқарушы органдармен және өңірлердің Төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп мыналар бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде:
2022 жылы Шымкент қаласында, Ақмола және Түркістан облыстарында 3 объект қауіпсіз реагенттерге ауыстырылды.
Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысында «Береке» ЖШС қауіпсіз реагенттерге ауыстырылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысындағы КӘУЗ әсерін азайту мақсатында үш нысанның КӘУЗ сақтау орындары қала сыртындағы аймаққа көшірілді, бұл ықтимал химиялық ластану аймағын азайтуға мүмкіндік берді.
Жыл соңына дейін Ақтөбе және Қызылорда облыстарында тағы 2 нысанды ауыстыру жоспарланған.
Жалпы, 2020 жылдан бастап 17 объекті қауіпсіз реагенттер мен қондырғыларға ауыстырылды (2020 жылы - 9, 2021 жылы – 4, 2022 жылы - 3, 2023 жылы -1).
Атқарылған жұмыс ықтимал жұқтыру аймағында тұратын халықтың тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына қажеттілікті оңтайландыруға мүмкіндік берді, бұл қорғаныс құралдарын сатып алу бойынша жергілікті бюджетті айтарлықтай түсірді.
Елдің стратегиялық құжаттарын іске асыру шеңберінде бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс
және әскери бөлімдері комитеті