2023 жылғы 15 сәуірде Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының «112» телефонына көмек сұрап хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары барды. Оқиға орнына жеткен құтқарушыларды ағаштың басына шығып, қайта жерге түсе алмай қалған мысықтың иесі қарсы алды. Құтқарушылар бірден іске кірісіп, жануарды жерге түсірді. Әйел құтқарушылардың епті, әрі жедел әрекеттері үшін алғысын білдірді.
Осы орайда, облыс және қала тұрғындарына үйден шығарда балалар мен қарттарды қараусыз қалдырмауды, электр және газ құрылғыларын қуат көздерінен ажыратуды естен шығармауды сұраймыз! Барынша қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды еске саламыз. Ал өрт немесе төтенше жағдайлар туындағанда "101" және "112"нөмірлеріне шұғыл хабарлау қажет.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
Қоғаммен байланыс тобы