Қостанай облысында ардагерлерді құттықтады

Қостанай облысында ардагерлерді құттықтады

17 сәуірде кеңестік өрт сөндіру бөліміне 105 жыл толады. Отпен күресушілер батырлық тарихты бағалайды, қызмет дәстүрлерін сақтайды және ардагерлер үшін бұл күн әлі де маңызды.

Осы айтулы күні Қостанайда өрт сөндіру күзетінің тарихи мұражайы орналасқан № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру қызметінің ардагерлерін марапаттау өткізілді.

Бүгінгі таңда өрт сөндіру қызметі - бұл халықты, экономика объектілерін, аумақтарды өрттен ғана емес, төтенше жағдайлардың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті.

Қазіргі өрт сөндірушілердің арсеналында - заманауи техника, жетілдірілген жауынгерлік форма бар. Бірақ, бұрынғыдай, жылдан жылға және күннен күнге өрт сөндірушілер жауынгерлік кезекшілікке қатысады. Әр жолы олар басқа адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін өздеріне қауіп төндіруге дайын. Солай болған және болады да. Жылдар өтеді. Өрт сөндірушілердің техникалық жабдықтары өзгеруде, автокөліктер атпен жүруді ауыстырады, күзетші дабылмен телефон сымдарына жол береді, бірақ бұрынғыдай бір нәрсе өзгеріссіз қалады, өздерін осы батвл мамандыққа арнаған адамдар, және құтқарудың негізгі  мәні – құтқару, сақтау.

 

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі