2023 жылғы 15-16 сәуірде Атырау облысында екпіні 15-23 м/с болатын қатты желдің салдарынан үйлердің, ғимараттардың шатырлары бөлігінің құлау қаупі оқиғасы орын алып, олардың құлауы адамдардың өміріне тікелей қауіп төндірді.
Құтқарушылар шұғыл түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Атырау қаласында қатты желдің салдарынан М. Әуезов көшесінде орналасқан төрт қабатты үйдің (шатыр бөлігі), Азаттық даңғылы төрт қабатты үйдің (шатырының бір бөлігі), Қожақаев көшесі бес қабатты тұрғын үйдің (шатыр бөлігі) , М. Әуезов көшесі тұрғын үйлердің бірінің (сыртқы қаптама), Құлсары қаласы №1 ықшам ауданында орналасқан үйлердің бірінің (сыртқы қаптама) шатыр бөліктерінің, қаптаманың, терезе қаптамасының құлау қаупі орын алды.
Төтенше жағдайлар орындарында Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары альпинистік жабдықтар мен авариялық-құтқару құралдарының көмегімен конструкцияның авариялық фрагменттерін бекітіп, зақымдалған бөлшектерді алып тастап, жолдарды бүлінген шатыр конструкцияларынан тазартты.
Осылайша құтқарушылар тұрғындардың жарақат алу мүмкіндігінің алдын алды.
Келіп түскен қоңырауларға құтқарушылар тез, жедел әрекет ете отырып, тұрғындарға көмек көрсетіп үлгерді.
Орын алған барлық жағдайда зардап шеккендер жоқ.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы