Қызылорда облысы ТЖ департаментінде дөңгелек үстел өткізілді

Қызылорда облысы ТЖ департаментінде дөңгелек үстел өткізілді

2023 жылғы 13 сәуірде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Нұрсұлтан Ибрагимовтың төрағалығымен “2023 жылғы суға шомылу маусымына дайындық шаралары туралы” “ZOOM” платформасы арқылы бейнеконференция байланысымен онлайн-дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстелге қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары,  жауапты сала мамандары және жергілікті еріктілер қатысты. Аталмыш іс-шараға 43 қызметкер қатыстырылды.

Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Тоғызбаев Асхат өзінің баяндамасында 2022 жылы су айдындарындағы орын алған оқыс жағдайлар туралы, сонымен бірге алдағы 2023 жылғы суға шомылу маусымы алдында  және сол уақытта атқарылуы қажетті профилактикалық жұмыстар жөнінде баяндады.

Сонымен қатар дөңгелек үстел  қатысушыларына  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 27 наурыздағы “2023 жылғы шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы” N137 бұйрығында көрсетілген тармақтар туралы да айтылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдіктерінің өкілдері мен жауапты мекеме басшыларына ҚР ІІМ 2015 жылғы 19 қаңтардағы N34 бұйрықтың талаптары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Қызылорда облысы ТЖД