Азаматтық қорғаныс полкінің әскери қызметшілері азаматтық қорғау саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Азаматтық қорғаныс полкінің әскери қызметшілері азаматтық қорғау саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтті

2023 жылғы 10-13 сәуір аралығында Азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің әскери қызметшілері (Ұзынағаш ауылы, ӘБ 28237) «Құтқару командаларының командирлері» санаты бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 

16 сағаттық сабақ барысында Алматы қаласы ТЖД әскери қызметшілері дәріс және практикалық сабақтармен қатар семинарлар, шеберлік сыныптары, топтық және іскерлік ойындар ұйымдастырды.

Айта кету керек, барлық оқу іс-шаралары азаматтық қорғаныстың барлық қажетті мүліктерімен жабдықталған ТЖД арнайы жабдықталған кабинетінде өткізілді.

Азаматтық қорғаныстың инженерлік құрылыстарымен танысу үшін қорғаныс құрылысының, құрама эвакуациялық пункттің және жарылыс-өрт қауіпті объектінің макеттері көрсетілді.

Қосымша «Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдары», «Өрт қауіпсіздігі», «ТЖ кезіндегі психологиялық көмек» және «Халықты радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау» және «Зардап шеккендерге алғашқы көмек» тақырыптарында сабақтар өткізілді.

Осылайша, азаматтық қорғаныс әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғауды қамтамасыз ету мақсаты болып табылатын азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі жеткізілді.

Алған білімдерін бекіту үшін әскери қызметшілер жоғары білім деңгейін көрсете отырып, қорытынды тестілеуден өтті, ол үшін әрбір әскери қызметшіге оқудан өткені туралы сертификат берілді.

 

 

Алматы ТЖД баспасөз қызметі