Жас мамандар - құтқарушылар тарихи өлкетану мұражайына барды

Жас мамандар - құтқарушылар тарихи өлкетану мұражайына барды

2023 жылғы 10 сәуірде Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және аварилық-құтқару жұмыстары қызметі Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің жас мамандарына және Ресей Федарациясының Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясының 4-курс курсанты Бекжан Сатыбалдинға Жуалы ауданындағы Тарихи өлкетану мұражайымен таныстыру шарасы ұйымдастырылды. Олар аталған мұражайда  Жуалы ауданының тарихымен және көне жәдігерлермен кеңінен танысты.

Еске сала кетсек,  2018 жылы ауданымыздың 90 жылдық мерей тойына орай сол кездегі аудан әкімі Бақтияр Көпбосыновтың қолдауымен Тұңғыш Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жуалы ауданында тарихи - өлкетану мұражайы ашылған болатын. Мұражай ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын рухани орда. Жуалы ауданының тарихы мен мәдениетін, халықтың озық салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын, тарихын, өзге де жетістіктерін насихаттау, қоғамға таныстыру мақсатында ашылғаны белгілі. Жалпы  тарихи-өлкетану мұражайы екі қабатты еңселі ғимаратта орналасқан. Сонымен қатар, аталған ғимаратта ауданымыздың өткен тарихы, жер-су атауларына қатысты жәдігерлер жинақталған.

Осындай бағыттағы іс-шаралар облыстың барлық бөлімшелерінде өткізілгендігін атап өткен жөн.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы