
Қарағандыда Әлем чемпионаты мен біріншілікке іріктеу аясында «Абсолютті нағыз жекпе-жек» бойынша республикалық шеберлер турнирі өтті. Бұл турнирге 60 келі салмақта біздің қызметкер, азаматтық қорғау капитаны Мұхамедрахым Нұркеев қатысты. Ол 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Турнир қорытындысы бойынша әріптесіміз «Қазақстан Республикасының спорт шебері» нормативін орындап, бірінші орынды иеленіп, чемпиондық белбеуді жеңіп алды.
Мұхамедрахым Нұркеев Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша бас жаттықтырушысы. Көкшетау техникалық институтының түлегі. 2012 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етуде.
Мұхамедрахым – ММА бойынша облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, абсолютті жекпе-жектен спорт шебері. Ол Қарағанды облысының ММА құрамасының мүшесі.
«Мен бала кезімнен спортпен айналыстым - негізінен күрес, қазір аралас жекпе-жекке ауыстым. Жарыстар туралы біліп, жұмысқа зиянсыз қатысуға мүмкіндік болған кезде мен өзімді сынап көруге тырысамын, - дейді Мұхамедрахим. – Осы бәсекеде қарсыластар лайықты, жақсы дайындалған, тіпті ұпай алшақтығы шамалы – кейде бір ұпаймен болатын. Финалда аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионымен кездестік: жекпе-жек қызықты өтті».
Жеңіс үшін марапат ретінде Мұхамедрахым Нұркеев чемпиондық белбеу, кубок пен турнирде жеңіске жеткендігі туралы диплом, сондай-ақ алтын медаль алды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі