ТЖ министрлігінде «Кселл» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС ұялы операторларына алғыс хат табысталды

ТЖ министрлігінде «Кселл» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС ұялы операторларына алғыс хат табысталды

2023 жылғы 11 сәуірде Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жою кезінде Қазақстан Республикасы құтқарушыларының жиынтық тобына ұялы байланысты ұйымдастырғаны үшін «Кселл» АҚ, «КаР-Тел» ЖШС және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС ұялы байланыс операторларына Төтенше жағдайлар министрлігі атынан алғыс хат салтанатты түрде табысталды.

Құтқару операциясы кезінде тұрақты негізде құтқарушылардың ұялы нөмірлеріне тегін интернет-трафик және әңгімелесу минуттары есептелді. Бұл қызметтік баяндамалармен қатар туыстары мен жақындарына қоңырау шалуға мүмкіндік берді.

ТЖМ қазақстандық ұялы байланыс операторларына Түркия аумағында құтқару бөлімшелерін ұялы байланыспен қамтамасыз ету бойынша бірлескен және үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін ерекше алғыс білдіреді.

 

ҚР ТЖМ Ақпараттандыру және байланыс департаменті