Өрт қауіпсіздігі айлығы

Өрт қауіпсіздігі айлығы

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 3 сәуірден 3 мамыр аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды. Бұл іс-шара қаламыздың тұрғын-үй секторы мен бау-бақша ұжымдарында өрттердің санын азайту мақсатында өткізіледі.

Жыл сайын көктемнің басталуымен өрттер мен жану оқиғаларына шығу санының өсуі байқалады. Әдетте, осы кезеңде тұрғын үй секторы мен бау-бақша ұжымдарында қоқыстар мен құрғақ шөптерді жағу орын алады, бұл өрттің өсуін арттырады.

Құрғақ шөпттің жану себептері – сөндірілмеген оттар, абайсызда тасталған темекі тұқылдары мен сіріңкелер, құрғақ шөптер мен қоқыстарды қасақана жағу.

Осыған байланысты табиғатқа шыққанда және үй маңындағы учаскелерді жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет. Қалдықтарды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 336-бабына сәйкес жиырмадан бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш айыппұлы түріндегі әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (69000 тг. – 1 725 000 тг.).

Қоқысты тек алғашқы өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіштер, су) болған кезде кез келген ғимараттар, құрылыстар мен сақталатын материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта желсіз ауа райында арнайы бөлінген орындарда жағуға болады.

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары естеріңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі алдын алу оңай!!!

Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы