2023 жылғы 7 сәуірде «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің алтыншы кезектен тыс конференциясы өтті.
Конференцияға Орталық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшелері, орталық ардагерлер кеңесінің мүшелері - облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының қоғамдық бірлестігі филиалдарының, азаматтық қорғау академиясының төрағалары, алғашқы ардагерлер ұйымдарының төрағалары, тексеру комиссиясының мүшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың филиалдарының ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Конференция онлайн режимде өтті.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі –«Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестіктің төрағасы отставкадағы генерал-майор М. К. Ысқақов құттықтау сөз сөйлеп, орталық кеңес төралқасының есеп беру баяндамасын жасады.
Конференцияда қоғамдық бірлестіктің жарғысын жаңа редакцияда бекіту; құрылтайшылар құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Конференция барысында қойылған және талқыланған барлық сұрақтарға тиісті жауаптар мен түсініктемелер берілді.
«Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі