Жамбыл облысында "Қазфосфат" ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытының аумағында бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді

Жамбыл облысында "Қазфосфат" ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытының аумағында бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығымен өзара іс-қимыл шеңберінде, сондай-ақ КӘЕУЗ төгілу салдарын жоюға арналған азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінен практикалық іс-қимылдарды пысықтау мақсатында 2023 жылғы 7 сәуірде Жамбыл облысының облыстық орталығында бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге және авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарының дайындық деңгейін бағалауға бағытталған практикалық іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.

Оқу-жаттығу аңызына сәйкес 2023 жылғы 7 сәуірде Тараз қаласынан 2 шақырым жерде темір жол нысанында апат болды – аммиак ағып кетті. Цистернаның қақпағы ашылу салдарынан аммиак ауаға тарауда, сонымен бірге дизель отыны бар вагон цистернасының өртенуі орын алды, жарылыс қаупі туындады. Апат аймағында зардап шеккен бес адам бар. Пайда болған аммиак бұлты зауыт қызметкерлеріне қауіп төндіреді және Тараз қаласы бағытында қозғалады.

Осы іс-шара аясында "ҚазФосфат" ЖШС Минералды тыңайтқыштар зауытының аумағында авария туындаған кезде авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуға ҚР ТЖМ авариялық-құтқару қызметтерінің аумақтық күштері мен құралдары, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығын, облыстық Азаматтық қорғау қызметтері құрамында шамамен 120 адам, 30 бірлік техника және ЕС-145 "Қазависпас" АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қатысушыларға грамоталар және алғыс хаттар ұсынылды.

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі