СҚО ТЖД-да аудандық бөлімшелерге арнайы техника табысталды

СҚО ТЖД-да аудандық бөлімшелерге арнайы техника табысталды

Петропавлда СҚО ТЖ департаментінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ аудандық бөлімшелеріне арнайы өрт техникасы тапсырылды.

Аталған іс - шара № 3 өрт сөндіру бөлімінің алаңында өтті, онда жергілікті атқарушы органдар бөлген қаражат есебінен сатып алынған 5 жаңа КамАЗ-автоцистерналары тізіліп қойылды.

Департамент бастығы полковник Рамиль Камалов бөлімшелердің жеке құрамының алдында сөйлеген сөзінде өте қажет болған сәтте аудандық өрт сөндіру бөлімдеріне қажетті техниканы берудің жеделдігін атап өтті. Өз сөзінде ол машиналар паркін жаңарту өртті сөндірудің жеделдігін арттыратынына, өрт сөндірушілердің оларды жоюдағы, азаматтардың өмірі мен мүлкін құтқарудағы жұмысының тиімділігіне оң әсер ететініне назар аударды.

Машиналардың кілттерін тапсырғаннан кейін "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев бөлімше басшыларын жаңа техника алуымен құттықтап, оның жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін едәуір арттыратынына және халықты өрттер мен өжанулардан қорғау бойынша жұмыста жаңа табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

"Қиын әлемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекет адамдардың өмірін жеңілдету, оларды табиғи сипаттағы қолайсыз құбылыстардан қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Өртке қауіпті кезеңді біз толық қаруланып қарсы аламыз, мемлекеттің сенімін ақтаймыз, жұмыста жаңа көрсеткіштерге қол жеткіземіз", - деп ол өз сөзін аяқтады.

СҚО ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі