Тараз қаласы аумағында жыл басынын 53 өрт оқиғасы тіркеліп өрт салдарынан 2 адам қаза тапқан және 2 адам күйік жарақатын алған. Өрттен келген материалдық шығыны 8 млн. 314 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар жыл басынан Тараз қаласы аумағында 2 жасар баланың көп қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатындағы терезеден құлау оқиғасы тіркеліп ауыр жағдайда медициналық мекемеге жатқызылды.
Осыған орай, жоғарыда аталған өрт оқиғалары мен балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу мақсатында 2023 жылы 4 сәуірде Төтенше жағдайлар басқармасында қала аумағында орналасқан бала-бақшалардың 34 қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Жиналыс барысында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлауының алдын алу бағытындағы дәрістер оқылып жаднамалар таратылды. Бала-бақшалардың жауапты қызметкерлеріне қауіпсіздік сабақтарын өткізу барысында пайдалану үшін қосымша бейнероликтермен үгіт-насихат материалдары ұсынылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Тараз қаласы ТЖБ