Тұрғын үй секторындағы, тұрғын үйлерге іргелес тұрғын үй аумақтардағы өрт қауіпсіздігі

Тұрғын үй секторындағы, тұрғын үйлерге іргелес тұрғын үй аумақтардағы өрт қауіпсіздігі

Көктемгі-жазғы кезеңнің басталуымен былтырғы шөп кеуіп бастағанда, объектілердің аумағында, тұрғын үйлер мен бақшалардың жанында жанғыш қоқыстардың өртену ықтималдығы ұлғаяды. Осы уақытта өрттің себебі құрғақ шөпке немесе қоқысқа түскен сөндірілмеген темекі немесе сіріңке, сондай-ақ, қараусыз қалған от болуы мүмкін. Жыл сайын осы жыл мезгілінде жолдардың бойындағы, тұрғын үйлерге және басқа ғимараттарға іргелес жатқан өртенген аумақтарды байқауға болады. Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрттердің және олардың ықтимал салдарларының алдын алу мақсатында барлық меншік нысанындағы ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларына, қала мен аудандардың тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің мынадай талаптарын сақтау және орындау бойынша өтініш жасайды:

        - кәсіпорындар мен ұйымдардың аумақтарын, тұрғын үйлер мен аула құрылыстарына іргелес аумақтарды құрғақ шөптен және басқа да жанғыш қоқыстардан тазалау қажет;

        - от жағуға және құрғақ шөпті, қоқысты жағуға жол бермеу керек;

        - балаларды қараусыз қалдырмау және оларға сіріңкемен ойнауға рұқсат бермеу;

        - демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау;

        - ашық алаңдарда және аулаларда тез тұтанатын, жанғыш сұйықтықтары бар ыдыстарды, газы бар баллондарды қалдырмау;

        - құрылыс материалдарын, жабдықтар мен ыдыстарды сақтау үшін ғимараттар мен құрылыстар арасындағы өртке қарсы қашықтықты пайдаланбау;

        - әр тұрғын үйде су ыдысын (бөшке) орнатыңыз немесе өрт сөндіргіш ұстаңыз;

        - су көздерінің, өрт гидранттары және су мұнараларының орналасқан жерін біліңіздер, өрт болған жағдайда оларды өрт сөндіру бөлімшелеріне көрсетіп алып барыңыздар;

        - көктем-жаз кезеңінде тұрақты құрғақ, ыстық және желді ауа райында пештерді, ас үй ошақтарын жағуды уақытша тоқтатқан жөн. Егер Сіз өртті немесе құрғақ шөптің жануын көрсеңіз тез арада 101 және 112 телефоны бойынша (ұялы телефоннан) құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз. Естеріңізге сала кетейік, шөпті өртеушілер мен орман өрттеріне кінәлі адамдар әкімшілік, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы