Қарамырза ауылындағы су тасқыны туралы ақпарат

Қарамырза ауылындағы су тасқыны туралы ақпарат

Қазіргі уақытта Түнтігүр өзенінің деңгейі 40 см-ге дейін төмендеді. Кошевой ауылына жақын жердегі гидробекетте өткен тәулікте су деңгейінің төмендеп, 110 см құрады.  

Өзендегі су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде 26 тұрғын үйдегі су деңгейі азайды. Құтқарушылар мотопомпалардың көмегімен үйлерден су сору жұмыстарын жалғастыруда.

Эвакуацияланған 39 адамның 24-і үйлеріне оралды, 15 адам туыстарының үйлерінде қалды.

 

 

Қостанай облысы ТЖД

баспасөз қызметі