Жасақ құтқарушылары кезекті рет мысықты құтқарды

Жасақ құтқарушылары кезекті рет мысықты құтқарды

Бүгін, яғни 5 сәуірде Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының "112" телефонына көмек сұрап хабарласты. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары шұғыл жөнелтілді. Келіп жеткен құтқарушылар мысықтың электр бағанасында екі күн отырғанын, үй жануарының иесіз  екенін анықтады. Жергілікті тұрғын әлгі мысықты байқап, құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Олар өз кезегінде ұзақ ойланбастан, үш иінді сатыны пайдаланып, мысықты құтқарды. Әйел құтқарушылардың мейірімділігі мен жедел әрекеттері үшін алғысын білдірді.

 

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі