Ақмола облысы ТЖД-да Ақкөл ауданының «Краснобор ОШМ», «Барап ОШМ», «Кеңес ОШМ», «Ақкөл ОШМ» коммуналдық мемлекеттік мекемелері орман шаруашылығы басшыларын және Ақкөл аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметін шақырумен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Далешов Ақкөл ауданында Шілікпай орманшылығының «Кеңес ОШМ» КММ аумағында өрттің алдын алу мақсатында бақылауға алып жағылған құрғақ шөптен орманның өртенгені туралы айтты. Өртке қарсы қызмет тартылмады. Өрт «Кеңес ОШМ» КММ күштерімен сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 1,9 га құрады. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта осы факт бойынша табиғатқа келтірілген залал анықталуда.
Айта кетерлік жағдай, мұндай фактілерге жол бергені үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Әңгімелесу барысында өрт қауіпті кезеңге дайындық кезінде туындайтын орман шаруашылықтарының қызметіндегі проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, құрғақ және шөпті өсімдіктерді күйдіру кезінде мұндай фактілерді болдырмау бойынша ұсыныстар берілді.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті отты сөндірусіз қалдырмау, жанып тұрған темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастамау, қылқан жапырақты және жас ағаш түбінде от жақпау, шыны және тез тұтанатын заттарды тастамау қажеттігін еске салады. Өрт анықталған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлеріне қоңырау шалу қажет. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі