Шымкентте жас құтқарушылар арасында іріктеу жарыстары өткізілуде

Шымкентте жас құтқарушылар арасында іріктеу жарыстары өткізілуде

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері жас өрт сөндірушілер-құтқарушылар жарысын ұйымдастырды, онда төрт команданың балалары түрлі конкурстарда біліктері мен дағдыларын көрсетті.

Барлық қатысушылардың іс-қимылдарының үйлесімділігін балалар «Жауынгерлік қанат жаю» байқауында көрсете алды. Бұл кезеңде олар ептілік пен тапқырлық танытты.

«Жауынгерлік киім кию» байқауына келетін болсақ, қатысушылар өздерінің жылдамдықтарын барынша көрсете алды. Мұнда қыздар жақсы нәтиже көрсетті. Жарысқа қатысушылар тағы бір маңызды кезеңнен өтті. Бұл екінші қабаттың терезесіне шабуыл баспалдақтарымен көтерілу.

Барлық кезеңдердің нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды. Енді жеңімпаз командалар «Жас құтқарушы» қалалық слетіне дайындалады. Ал қалалық слеттің жеңімпаздары жас құтқарушылар арасындағы республикалық жарыста Шымкент қаласының намысын қорғайтын болады.

 

Шымкент қ.ТЖД ТЖ жою бөлімі