ҚР ІІМ ТЖК-да су тасқыны кезеңінің өтуі бойынша брифинг өтті

ҚР ІІМ ТЖК-да су тасқыны кезеңінің өтуі бойынша брифинг өтті

2020 жылғы 7 сәуірде ҚР ІІМ ТЖ комитетінде «Су тасқыны кезеңінің өтуі туралы» брифинг өтті. Спикер болып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В. Р. Беккер сөз сөйледі.

Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс аумақтарында су тасқыны жағдайы тұрақты.

Су тасқынының белсенді кезеңі Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында өтеді.

Су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында ТЖК аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су өткізу құбырларына тәулік бойы мониторинг жүргізу, оларды мұз массаларынан тазарту, еріген суларды бұру және сору, бөгеттерді нығайту бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуде.

Өзендерде кептеліс болдырмау үшін мұзды қопсыту жұмыстары жүргізілуде. Республика бойынша барлығы өзендерде 14,73 тонна жарылғыш заттарды пайдалану арқылы 138 жарылыс жасалды.

11 807,413 шақырым арықтар мен арналарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Автомобиль жолдарында 25 684, теміржол жолдарда 5 382 су өткізу құрылыстары тазартылды.

Еліміздің өңірлерінде 168,435 шақырым қорғау бөгеттерін салу және жөндеу; 426,96 шақырым су тасқыны қаупі бар өзен арналарының жағаларын бекіту, түбін тереңдету, түзету; 186,7 шақырым су бұру арналарын орнату, еріген суларды сору бойынша жұмыстар жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан облысында шағын өзендер бойындағы құйылыстарда, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Есіл өзенінің арнасы бойында мұздың әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі жалғасуда.

Өткен жылдардағы су тасқынының талдауын, Есіл өзені мен шағын өзендер бассейндерінің орналасу ретін есепке ала отырып, Уәлихан, Айыртау, Тайынша аудандарында және Ғ. Мүсірепов ауданында 12 учаскеде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі уақытта 3 су қоймасының: Сергеев су торабы, Петропавл су торабы, Шағалалы су қоймасы жұмысына мониторинг жүргізілуде.

  Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін 29 наурыздан бастап Петропавл қаласынан Уәлихан (Қулыкөл а.), Тимирязев (Степное а.), Айыртау (Ақанбұрлық а.) және Ғ. Мүсірепов (Рузаевка а.) аудандарына жалпы саны 63 адам, 19 бірлік техника, 8 мотопомпа және 5 жүзу құралы көшірілді.

Ақмола облысында профилактикалық жұмыстар және су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу үшін 16 наурыздан бастап алдын ала Көкшетау қаласынан Целиноград (Ақмол а., Қараөткел а.), Аршалы (Жібек Жолы а.), Астрахан (Астраханка а.) аудандарына құрамында 206 адам, 41 бірлік техника, 22 мотопомпа, 11 жүзу құралы бар күштер мен құралдар көшірілді.

Сонымен қатар Целиноград ауданының Қараөткел кентінде су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-дан 10 адам, 3 бірлік техника, 2 мотопомпа жіберілді.

Көкшетау мен 9 ауданда (Есіл, Аршалы, Атбасар, Целиноград, Қорғалжын, Сандықтау, Шортанды, Астрахан, Бұланды) Қопа көлінде және 7 өзенде (Есіл, Нұра, Колутон, Жабай, Боксық, Талқара, Сарқырама) мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Ақмола облысының су объектілерінде гидрологиялық бекеттер ауданында мұз жағдайының әлсіреуі және бұзылуы байқалады: кейбір су объектілерінде гидрологиялық бекеттер тұсындағы мұз жамылғысының толық бұзылуы байқалады; су объектілерінің үлкен бөлігіндегі бекеттер тұсында мұзда су, беткейде және ойықтарында  сирек мұз жүру байқалады.

Шығыс Қазақстан облысында «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша Өскемен, Риддер қалаларында және Үржар, Шемонаиха, Абай, Тарбағатай, Зайсан, Бесқарағай аудандарында топырақтың толық еруі байқалады.

Қар жабынының биіктігі Күршім ауданында (Марқакөл қорығы) - 95 см, Алтай ауданында -88 см және Глубокое ауданында – 54 см. Облыстың қалған аумағында қар жамылғысы жоқ немесе 25 см аспайды.

Су басу қаупі бар барлық елді мекендерде су бұру және еріген сулардың түсуін қайта бағыттау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда облыстың автомобиль және темір жолдарындағы су өткізу құрылыстарының 100% тазартылды.

Семей қаласындағы Уба, Бұқтырма және Ертіс өзендерінде, Алтай, Шемонаиха, Қатон-Қарағай, Бесқарағай, Бородулиха аудандарында 126 775 м2 алаңда алдын ала мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Ертіс өзенінің деңгейін реттеу мақсатында қосымша резервтік көлем құрылды, ол су деңгейін ұстап тұруға және Бесқарағай ауданы мен Семей қаласындағы Ертіс өзені бойынша 10 елді мекенді қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді.

 

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі