Қызылордада суа шомылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Қызылордада суа шомылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовтың басшылығымен өткен ТЖ жөніндегі комиссиясында алдағы суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселелері ның талқыланды.

Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров баяндама жасады.

Облыс аумағында 19 ірі канал, 220 шағын каналдар және 207 көл  орналасқан. Облыс су айдындарында 63 қауіпті аймақ анықталған. Аталған аймақтарға 109 ескерту тақтайшасы мен 55 билборд орнатылған.

Қызылорда облысының аумағында облыс әкімдігінің қаулысымен су айдындарында шомылуға рұқсат етілген 8 қоғамдық орын анықталды.

На территории  Кызылординской области постановлением акимата области определено 8 разрешенных общественных мест для купания в водоемах:

Қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыс аумағында орналасқан 313 мектептің оқушыларымен және ата-аналарымен күнделікті түсіндірме жұмыстары атқарылуда. Онлайн режимде облыстың 117 450 оқушысына «Судағы қауіпсіздік ережелері», «Суда зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» бойынша 409 интерактивтік сабақ өткізіліп, 91 мектептің басшылары мен мұғалімдеіне судағы қауіпсіздік ережелері  жөнінде сабақ өткізілді.

Күн сайын қоғамдық орындарда болу, су пайдалану және судағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын бұзушылықтардың жолын кесу бойынша рейдтер мен патрульдеу жүргізіледі. Рейдтік іс-шара барысында облысымыздың су айдындарында, демалатын орындарда облыс тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2573 рейд өткізіп, 150 мыңнан адамға (65 мыңнан астам кәмелетке толмағандар) судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіріп, үнпарақтар таратылды.

2022 жылы ТЖМ құтқарушылары 11 адамды құтқарды, оның ішінде бір баланы құтқарды (2021 жылы 16 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды).

Жүргізілген профилактикалық жұмыстың және алдын ала іс-шаралардың нәтижесінде суда адам өлімінің 38.7%-ға төмендегені анықталды.

Сонымен қатар «Сыр самалы» жағажайына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, талапқа сай емес екендігі жөнінде ұйғарым берілді.

Балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, облыс көлемінде профилактикалық жұмыс барысында азаматтардың заңсыз балық аулау бойынша 359 дерек тіркеліп, айыппұл салынды (ҚР ӘҚБ 383-бап «Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу»).

Қала аумағында адам көп шоғырланған орындарда (Арай сити молл ойын-сауық орталығы, Жаңа базар, Ескі базарларға және темір жол автовокзалдарға) дауыстық зорайтқыштары арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы ТЖД азаматтарды судағы қарапайым қауіпсіздік жүріс-тұрыс қағидаларын сақтауға кеңес береді.

 

 

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі