Су тасқыны жағдайының мониторингі: СҚО ТЖД бастығы Ақмола облысында және СҚО Тимирязев ауданында болды

Су тасқыны жағдайының мониторингі: СҚО ТЖД бастығы Ақмола облысында  және СҚО Тимирязев ауданында болды

Шағалалы өзенінде төтенше жағдайлардың алдын алу және су тасқыны көріністерінің мониторингі мақсатында 29-30 наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД бастығы Рамиль Камалов Ақмола облысы ТЖД, Есіл бассейндік инспекциясының басшылық құрамымен және "Қазсушар" Ақмола филиалының басшылығымен бірлесіп Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының аумағында Шағалалы өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Өткізілген іс-шаралардың мақсаты су тасқыны жағдайын бағалау және су тасқыны қаупі бар учаскелерді анықтау болды.

Өзен арнасында су деңгейі көтерілген жағдайда, әртүрлі мақсаттағы арнайы техникамен жарақтандырылған, дайындалған мамандардан тұратын СҚО ТЖД жедел тобының күштері мен құралдарын пайдалану көзделген. Мониторинг барысында олар Шағалы су қоймасының жұмыс кестесімен, оның техникалық жай-күйімен танысып, оған еріген судың түсуінің алдын ала көлемін анықтады. Жұмыс сапары барысында талқыланған маңызды мәселелердің бірі профилактикалық су жіберу тәртібі болды.

30 наурызда Рамиль Камалов Тимирязев ауданына барды, онда Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Евгений Худяковпен және Тимирязев ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Жанбота Қабдөшевпен бірге көктемгі еріген сулардан су басу аймағына түсетін Дмитриевка, Степное, Мичурино, Ақсуат, Дзержинское және аудан орталығы Тимирязев селоларын аралап шықты. Рамиль Фатқулович Степное селосы мен Ақсуат селосындағы екі қорғаныш үйіндісінің жай-күйін, сондай-ақ Есіл селосына қарай грейдер жол төсемін көтеру бойынша жүргізілген жұмыстарды бағалады. Бұл жол Ақсуат селосын даладан келетін еріген сулардан қорғайтын білік болып табылады.

Сондай-ақ, Дзержинское, Мичурино және Тимирязев селоларында ол көктемгі су тасқыны кезінде ықтимал су басу орындарын тексерді. Рамиль Камалов Дмитриевка селосында каналды тазарту еріген сулардың өтуі үшін жұмыс істеген ауыр инженерлік - экскаваторлардың жұмысын бағалады және Степное селосында олар еріген сулар өтетін барлық арналарды толығымен қазып, оларды тереңдетіп жіберді. Департамент бастығы республикалық, облыстық және аудандық жолдарда су өткізу арналарының ашылу сапасын тексерді. Селолардың айналасына жыртылған егістіктер, қар шығару және т. б. жұмыстарын қарады.

Сапар барысында ТЖД бастығы Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаровпен және су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге жауапты лауазымды тұлғалармен кездесіп, олармен су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуінің өзекті мәселелерін талқылады. Рамиль Камалов 2021-2022 жылдары аудан аумағында ТЖ және тұрғын үйлерді су басуға жол берілмегенін, адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарларын эвакуациялау жүргізілмегенін, құрбандар мен зардап шеккендер болмағанын атап өтті. Алайда, ол болжамдарды ескере отырып 2023 жылы көктем ерте болуы, табиғаттың қыңырлығын қаруланып қарсы алу  үшін үнемі дайын болу керек екенін атап өтті.

 

СҚО ТЖ департаментінің

ТЖ алдын алу бөлімі