
2023 жылғы 30 наурызда М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстының филармониясында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күнін мерекелеуге арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Александр Геннадиевич Алексеевтің төрағалығымен 300-ден астам адам қатысты.
Халықаралық Азаматтық Қорғаныс Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі, ол жыл сайын белгілі бір ұранмен атап өтіледі.
Ағымдағы жылы «Тәуекелді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен өткізілді.
Азаматты қорғаныс күніне арналған іс-шарада көрермендер, концерттік бағдарламаға сәйкес әндер, сондай-ақ көркем билерді тамашалады.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрығымен оқушыларға, азаматтық қорғау қызметтері мен ұйымдардың мамандарына алғыс хаттар табыс етілді, сондай-ақ азаматтық қорғаныс күніне орай Үздік мектеп, үздік сурет және үздік шығарма номинациясы табысталды.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі