
2023 жылғы 30 наурызда 68303 әскери бөліміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында бірінші вице-министр жеке құрамға жаңадан тағайындалған 68303 әскери бөлімінің командирі майор Сергей Мусаифовты таныстырды.
Майор Сергей Нургалиевич Мусаифов 1987 жылғы 30 маусымда Қарағанды облысының Қарағанды қаласында туған. 2009 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы, 2011 жылы А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің магистранты.
Қызметті 52859 әскери бөлімінің техникалық бөлімі бойынша құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету ротасы командирінің орынбасары болып бастады.
Әр жылдары 52859 әскери бөлімі батальон командирінің орынбасарынан штаб жауынгерлік даярлық бөлімшесінің оқу-жаттығу орталығының бастығына дейін қызмет атқарды. 2021 жылғы қыркүйек пен 2023 жылғы наурызға дейінгі аралықта 68303 әскери бөлімі командирінің орынбасары болып қызмет атқарды.
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі