Азаматтық қорғау академиясына сенаторлар келді

Азаматтық қорғау академиясына сенаторлар келді

2023 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Ғалиасқар Сарыбаев, сондай-ақ осы комитеттің мүшелері келді.

Депутаттар материалдық-техникалық базамен және оқу үдерісінің жай-күйімен танысты. Сапар барысында сенаторларға оқу орнының материалдық-техникалық базасы, жылу-түтін камерасындағы практикалық  сабақ, аудиториялар  мен пәндік зертханалар көрсетілді. Сонымен қатар сенаторлар мұражай мен жатақхананы да аралады.

Кездесу барысында азаматтық қорғау саласындағы мамандарды даярлайтын Қазақстан Республикасындағы жалғыз жоғары оқу орнының негізгі қызметі, сондай-ақ курсанттарды дайындау және оқыту барысында орын алып отырған түйткілді мәселелер айтылды.  Депутаттар өз кезегінде қолдау көрсетіп, көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

 

ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин

атындағы Азаматтық қорғау академиясының

баспасөз қызметі