2023 жылғы 27 наурызда ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы ZOOM платформа арқылы жергілікті атқарушы органдардың газ және газбен жабдықтау саласындағы тұрғын үй инспекциясы мамандарының кезекті курстарының ашылуы өтті.
Курстардың тыңдаушылар алдында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағаның орынбасары М.Т. Танабаев сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында ол осы курстар барасында тұрғын үй инспекциясының мамандары газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылауды жүргізу бойынша біліктліктерін арттыруға және білікті жұмысын қамтамасыз етуіне бағытталғанын ескертті.
Курстың ашылу салтанатына ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы қосымша білім факультетінің бастығы А.Н. Кусаинов та қатысты. Ол тыңдаушылардың алдында кіріс және шығыс тестілеу өтуіне байланысты, оның нәтижесі бойынша тыңдаушылар белгіленген үлгідегі сертификаттарды алатын кезекті курстардың регламентін ұсынды.
Сонымен қатар мамандардың алған білімін газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу жөніндегі тікелей қызметінде қолдануын тіледі.
Біліктілікті артыру курстары 2023 жылғы 27 мен 31 наурыз аралығында ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы базасында «Газ және газбен жабдықтау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясының мемлекеттік инспекторлар» санаты бойынша онлайн форматында (қашықтықтан, ZOOM бағдарлама арқылы) ертерек әзірленген оқу бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды ескертумен ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментілердің лекторлар тартуымен өтеді.
Астана, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Ұлытау, Түркістан, Павлодар, Абай, Қарағанды, Жетісу, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдары тұрғын үй инспекциясының 28 инспекторы оқытудан өтеді. Біліктілікті артыру бағдарламаның көлемі 36 сағат құрайды.
Курстар соңында курстар бітіру туралы сертификаттар беріледі.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті