Тараздық өрт сөндірушілер өрттен 20 адамды қауіпсіз орынға көшірді

Тараздық өрт сөндірушілер өрттен 20 адамды қауіпсіз орынға көшірді

2023 жылдың 23 наурызында сағат 21.41-де Тараз қаласы, 5 ш/а, 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің бірінің балконынан өрт шықты. Өрттің ауданы 5 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 3 бірлік техника мен жеке құрамының 8 адамы шығып, өрт сөндіру және адамдарды қауіпсіз орыға шығару жұмыстарымен айналысқан.

Оқиға орнынан 20 адам, оның ішінде 5 бала қауіпсіз орынға эвакуацияланды.  Аталған өрт оқиғасы сағат 21.56-да оқшауланып, 22.03-те жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталуда.

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс жөніндегі тобы