Өскемендегі өрт кезінде көршісі ер адамды құтқарды

Өскемендегі өрт кезінде көршісі ер адамды құтқарды

Өскеменде 23 наурызда Ульяновская көшесінде өрт болды. Көпқабатты үйдің 4 қабатындағы пәтерде төсек-орын жабдықтары өртеніп  кетті.Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршісі Андрей Новиков  1967 жылы туған пәтер иесін түтін аймағынан құтқарды.

«Түтінді сезген соң, мен пәтерімнен жүгіріп шығып, жоғарыдағы қабатта орналасқан көршімнің есігін қақтым. Әйеліме өрт сөндірушілерді шақыру керегін айттым. Есікті ешкім ашқан жоқ. Мен есіктің тұтқасын тартып едім, ол ашылды, пәтерге кіріп, түтін арасынан еденде жатқан жәбірленушіні  тауып, оны шығара бастадым. Түтін қатты болғандықтан, жәбірленушіні шығаруға мен бірнеше рет әрекет жасадым. Оны баспалдақ алаңына шығардым. «103» қызметінің дәрігерлері мен  өрт сөндірушілер дәл келді», - деді Андрей Новиков.

ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері 2 ш.м. көлеміндегі өртті сөндірді. Жану өнімдерімен уланған пәтер иесі медициналық мекемеге жеткізілді.

Өрттің себебі  бойынша төсекте темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда.

ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, жануды тудырған темекі тұқылының өзі біраз уақыттан кейін сөнеді, бірақ одан пайда болған жану ошағы өртке айналады.

Темекі шегетін адам өзіне ғана емес, жақындарына да қауіп төндіреді.

ШҚО ТЖД еске салады: өз пәтерілеріңіз бен үйлеріңізде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар.

Мыналарға жол беруге болмайтындығын есте сақтаңыз:

  • бейқам болмаңыз және төсекте темекі шекпеңіз, әсіресе егер сіз алкоголь ішсеңіз – бұл жағдайда ұйықтап кету өте оңай. Егер сіз темекіні уақтылы сөндірмесеңіз, одан киім немесе жиһаз өртенуі мүмкін.
  • тіпті сөндірілген темекіні де қағаздар мен басқа да жанғыш қалдықтары бар қоқыс жәшіктеріне тастамаңыз - олар өртеніп кетуі мүмкін
  • күл салғыш ретінде жеңіл тұтанатын материалдарды (қағаз қораптар, қапшықтар) қолдануға болмайды.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі