
2-3 сәуірде СҚО су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында су тасқыны қаупі бар аймақтарына ұшу жүргізілді. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев, ІІМ ТЖК СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласының аумағын бойлай ұшып өтті.
Ұшу барысында Имантау, Кіші Торанғұл және Үлкен Торанғұл көлдеріндегі мұз жағдайын бағалады. Облыстың басты су артериясы – Есіл өзені мен оның құймалары - Шарық, Ақанбұрлық, Бабықбурлық, Иманбурлық, Жембарақ, Қамықсақты өзендеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Сергеев су қоймасының бөгеті тексерілді.
Борттағы топ су тасқыны жағдайын мұқият зерттеді және жағдай шиеленіскен жағдайда халықты қорғау шараларын анықтады. Ұшу барысында көктемгі су тасқыны қаупі мен қатерлерінен халықты қорғау бойынша жүзеге асырылатын және жоспарланған іс-шараларға түзетулер енгізілді.
Жалпы, ылғал қоры облыстың оңтүстік өңірінде – Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Тимирязев аудандарында сақталуда. Солтүстік Қазақстан облысының орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктерінде қар жамылғысы түгелдей дерлік түсті.
Облыс аумағында су тасқыны қаупіне жедел әрекет ету үшін құрамында 484 адам, 155 бірлік техника, 8 бірлік жүзу құралдары және 72 бірлік мотопомпа бар ТЖД күштері мен құралдары тобы дайындыққа келтірілді.
Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу және алдын алу іс-шараларын орындау мақсатында, Ғ. Мүсірепов, Уәлиханов және Айыртау аудандарына ТЖД ведомстволық бағынысты бөлімшелерінен 9 бірлік техника, жеке құрамнан 40 адам, 5 бірлік жүзу құралдары және 7 мотопомпа күштері мен құралдары топтастырылды.
Бүгінгі күні жалпы өңірде көктемгі кезеңнің жақсы өтуі байқалады.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі