Қостанай облысының су айдындарында мұзды жару жұмыстары басталды

Қостанай облысының су айдындарында мұзды жару жұмыстары басталды

Мұзды қопсыту жағалаудағы су басудың алдын алуға көмектеседі.

Өңірдегі өзендер мен жасанды су айдындарында мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмау үшін жару жұмыстары жүргізіле бастады. Көктемгі су тасқыны қарсаңында өзендердегі мұзды қопсыту өткен жылдардағы тәжірибе бойынша елді мекендер маңындағы жағалау аумақтарын су басуға жол бермеу ісінде өзінің тиімділігін көрсетті.

2023 жылғы 17 наурызда Қарасу ауданындағы Қарасу өзенінде 1 жарылыс болды.

Жару орындарындағы мұз жамылғысының қалыңдығы 1 метрді құрады. Жарылған мұздың жалпы көлемі 6900 м2 аумақта шамамен 7000 м/куб құрады, жарылған зарядтар саны 100 данадан асады.

ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, "БВР Строй" ЖШС жарылғыштары, жедел-құтқару жасағы, жергілікті полиция қызметі жұмылдырылды.

Қостанай облысы ТЖД

ТЖ алдын алу бөлімі