Жамбыл облысы ТЖД анықтаушылар үшін сабақтар өткізілді

Жамбыл облысы ТЖД анықтаушылар үшін сабақтар өткізілді

Жамбыл облысы ТЖД аумақтық бөлімшелері анықтаушыларының білім деңгейін және практикалық дайындығын арттыру үшін ағымдағы жылғы 15 наурызда ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің Анықтау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі О.Б.Тукушев Департамент базасында Сот сараптамалары орталығы филиалы сарапшыларының, прокуратура және Полиция департаменті өкілдерінің, сондай-ақ облыстың анықтаушыларының қатысуымен «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізілімін жүргізу қағидалары» және «Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі нұсқаулық» тақырыптарында семинар-сабақ өткізді, сондай-ақ қылмыстық-процессуалдық іс жүргізу заңнамасы нормаларының негізгі талаптары, сараптамаларды тағайындау тәртібі, өрт болған жерді қарап тексеру, дәлелдемелерді жинау мен бекітудің тактикалық тәсілдері қарастырылып, түсіндірілді.

Семинар-сабақтың мақсаты – жаңа білім алу және іскерлікті жетілдіру, қызметтік міндеттерді шешу үшін қажетті дағдыларды дамыту мен пысықтау болып табылады.

Игерілген білім облыстың анықтаушыларының табысты практикалық қызмет пен кәсіби өсуіне ықпал ететініне сенімдіміз.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі