Қостанай облысы Торғай ауылында тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді

Қостанай облысы Торғай ауылында тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді

Халықты және аумақты қорғау, еріген қар суын қауіпсіз өткізу мақсатында Жангелді ауданының Торғай ауылына жеке құрамның 18 адамы және 5 бірлік техникасы бар ТЖД күштері мен құралдарының мобильдік топтамасы жіберілді.

Жангелді ауданының әкімдігімен, азаматтық қорғау қызметтерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен және департаменттің облыстық су тасқынына қарсы штабымен үздіксіз өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.

Топтау жабдықталған: жүзу қозғалтқыштары бар құралдар, тіркеме мотопомпасы, балшық тасымалдағыш мотопомпасы, спутниктік телефон радиостанциялар.

11 наурызда сағат 08:33-те Жангелді ауданында, Торғай ауылынан 17 шақырым қашықтықта, Шеген ауылының шетінде (63 үй, 300 адам), ойпатта еріген су жиналып, нәтижесінде 5 аула аумағына қауіп төнгені туралы ақпарат келіп түсті.

Сағат 11:00-де ТЖД күштері мен құралдары, ЖАО еріген суды айдауға кірісті.

12 наурыз күні сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 13600 текше метр айдалды. Тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді. ТЖД күштері мен құралдары Торғай ауылына оралды. Орнында ЖАО күштері қалды.

11 наурыз күні сағат 21:20-да Жангелді ауданы, Шұбал-Қарасу аудандық маңызы бар автожолында (Байтұрсынов пен Ақкөл елді мекендерінің арасында) қар еруі нәтижесінде 34 шақырым жол төсемі арқылы су толуы орын алды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Полиция мен ТЖД қызметкерлерінің ішінен 2 бекет ұйымдастырылды.

250 қапшықты, 28 тонна инертті материалды дайындау және орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, еріген суды: жер, құм және кірпіш үйінділерін нығайту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды. Су ағыны тоқтатылды.

15 наурыздағы жағдай бойынша Жангелді ауданындағы жағдай тұрақты. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. ТЖД және ПД (ауысымдық кезекшілігі ұйымдастырылды.

  

Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы