Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағындағы өрт бойынша ақпарат

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің аумағындағы өрт бойынша ақпарат

29 наурызда сағат 12.26-да Кентау қаласы өрт сөндіру бөлімінің кезекші пультіне Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы филиалының аумағында құрғақ шөп, бұталар мен қамыс жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.

Өрт орнына 33 өрт сөндіруші дереу шықты.
Өрттің таралуына  секундына 28 метрге дейін соққан қатты жел әсер етті, әрі өртті сөндіруді қиындатты. Қатты жел кезінде құрғақ орманда от үлкен жылдамдықпен таралады. Сонымен қатар өртті сөндіру биіктігі 2 және одан да көп метрге жететін  қамыс күрделендірді, өрт ошағына шығу техниканың жетуі іс жүзінде мүмкін емес еді. Сондықтан өртті сөндіруге резеңкеден жасалған сақпандар және аспалы өрт сөндіргіштермен жаяу шықты.

Қабылданған шаралармен осы күні сағат 18:30-да өрт ауыздықталды. 30 наурызда сағат 02:50-де өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында 30 га көлеміндегі өрт толықтай жойылды.

Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің, «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи парктің және жергілікті атқарушы органдардың
күштер мен құралдар тобы саны 67 адам тартылып, 10 бірлік техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

 

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі